Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Салеметсізбе әкім мырза? Сізге кояр сұрағым - мен казір Алдабергенов ауылында тұрамын,2 баланың анасымын,күйеуім авто авариядан кайтыс болды, өкіметтен асыраушысынан айырылғандарға кандай көмек бар әсіресе түрғын үй жағынан кандайда бір көмек бар шығар? Рахмет сізге

Ответ: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы «Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» №126 қаулысының 13 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Сізге ай сайын асыраушысынан қайтыс болуына байланысты 31619 теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 39331 теңге жәрдемақылар аласыз. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы 1 тармағына сәйкес, өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі. Сонымен қатар, Сіз Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін тұрғын үй кезегіне тұруға төмендегі құжаттарды дайындап, ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы өткізуіңіз керек. 1. Үй жай алу үшін есепке алу туралы өтініші; 2. Отбасы мүшелерінің үй-жайы жоқтығы туралы анықтамасы Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 5 жылға; 3. Мекен-жай анықтамасы; 4. Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі; 5. Неке қию куәлігінің және қайтыс болу куәлігінің көшірмесі; 6. Жеке куәлігінің көшірмесі; 7. Соңғы 12 айдағы жылдық табысы туралы анықтамасы. Өткізген құжаттарыңызды жыл сайын жаңартып отыруыңыз керек екендігі туралы ескертіледі.