Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Құрметті Ескелді ауданының әкімі Н.Н. Қылышбаев сізге айтар мәлелем Қарабұлақ кентіндегі Ескелді би көшесіндегі "Ескелді асxанасының" аты өзгертілуін талап етемін. Қытайдан көшіп келген қандастарымыздын менің жалпы сиыршы руының ата бабасын есімін қорлауына көз жұма қарай алмаймын. Бұл мәселені шешімсіз қалдырған жағдайда жоғарғы жаққа үндеу тастаймын деп ескертемін. Раxмет .

Ответ: Сіздің, 2015 жылдың 12 қазанында Ескелді ауданының әкімі Н.Н. Қылышбаевтың жеке блогына жазған өтінішінің бойынша келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 38 бабына сәйкес, «заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе, не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi». Қарабұлақ кентіндегі Ескелді би көшесінде орналасқан «Ескелді асханасы» жеке кәсіпкер Абділдабек Болатқанға тиесілі. Асханаға өз ұлы Болатқанұлы Ескелдінің атын қойып отыр. Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес, «Ескелді асханасы» атауы заң талаптарына қайшы келіп отырған жоқ.