Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Саламатсызба аким мырза. Менін сізге хат жазу себебім, мен Бактыбай ауылы Жамбула кош 50уиде турам. Мен жангыз басты анамын 4 жасар кызым бар, ата-анам кайтыс болып кеткен. Менін сізден сурарым маган жумыс тауып беруге комектесеніз, Менін жогаргы білімім бар, мемлекетик кызметке кіру ушин тестьтен откем. Документерімді Шарипов мырзага откзгем, бірак алі конкурсс шакырмады, ол кісілер кашан шакырары да белгісіз.Ал менин кутіп жата бергенге жагдайым келмид.Уиткені озініз тусинетин шыгарсыз егер ата-анаң жок болса тіреу болатын ешким болмайд. ал кызымды тастап баска жака кете алмай.Ал бул омирде акшасыз, жумысыз омир суру мумкин емес.

Ответ: Мемлекеттік қызмет министрлігінің және Ескелді ауданы әкімдігінің веб-сайтында Ескелді ауданы бойынша конкурс «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына жарияланғанан қатысу үшін Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 67 үй, телефондар: 8(72836)30327 тел/факс. Эл.мекен-жай: eskeldy-akimat@mail.ru осындай құжаттарды тапсыру қажет: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).