Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Құрметті әкім мырза, менің 2 жылдан бері шешімін таппай жүрген мәселеме көмек беруіңізді сұраймын. Тиісті орындардың барлығы бұл мәселенің шешілуіне тек Сіз ғана көмектесе алатыныңызды айтып жатыр. 2010 жылы Ескелді ауданына жас келін, әрі жас маман болып барғанмын. Н.Алдабергенов атындағы мектепте жемісті еңбек атқардым. Жолдасым Оспанжан Сәулебек М.Мәметова атындағы мектепте мұғалім. Қызыл дипломды ауылға құшақтап барған біздірді Үкімет және Әкімшілік тез арада баспанамен қамтамасыз етті. Сіздерге алғысымыз шексіз. Алайда отбасылық жағдайларға байланысты 2 жыл бұрын ажырасуымызға тура келді. Мен Қызылордаға өз туған жеріме қайттым. Енді сол баспанада жолдасым жаңа отбасымен тұрып жатыр. Ал мен екі баламен баспанаға қол жеткізе алмай келемін. Төмендетілген пайызбен үй алуға талпынып едім барлық жерден атыңызда үй бар екен деп қанағаттанарлықсыз жауап шығады. Екеумізге бірдей аударылып, екеумізге бірдей берілген кредит мәселесін шешуге тек Сіз көмек бере алады екенсіз. Мен өзіме тиісті кредит сомасын толық жауып, үйдің тиісті бөлігін алып, балаларымды баспанамен қамтамасыз еткім келеді. Уақытымен төленуін күтер болсақ әлі 10-15 жыл баспанасыз отыруымызға тура келеді екен. Менің кредит сомасын төлеуіме бұрынғы жолдасым қарсылық білдіруде. Ал мен екі баламен не одан алимент ала алмай, не баспанам жоқ қиналып күн көрудемін. Сот қызметкерлері бұл мәселенің шешімі Сізден болатынын айтып кеңес берген еді. Сондықтан Сізден менің мәселемді шешуге көмек беруіңізді сұраймын.

Ответ: Сіздің Ескелді ауданы әкімінің веб-сайтына 2016 жылғы «02» маусымында келіп түскен өтінішіңізге келесідей хабарлаймыз: Кепіл заты болып табылатын Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Пушкина көшесі, №94 үй мекен жайында орналасқан жалпы ауданы 65,2 шаршы метр, тұрғын ауданы 37,3 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй 2011 жылғы қаңтар айының «18» күні тұрғын үй жер учаскесімен сатып-алу сату шартына, 2011 жылғы «08» ақпанындағы №ИЕС-197 және №ИЕС-198 кепіл шарттарына сәйкес жылжымайтын мүліктің ½ бөліктен ортақ меншікті үлеспен 2 заңды иесі бар. Олар: 1986 жылдың желтоқсан айының «31» күні Қытай халық республикасында туылған азамат Оспанжан Сәулебек және 1988 жылдың маусым айының «24» күні Қызылорда облысында туылған азаматша Сейтжапарова Аида Муратовна. Осыған орай, тұрғын үй ортақ меншіктік үлесте және кепілдікте болуына байланысты жылжымайтын мүлік бойынша мәселені Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 37 – бабына сәйкес медиаторларға немесе сотқа жүгіне аласыз.