Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Кұрметті әкім мырза мен өткен тамыз айында акиматқа (акиматтық грант) мәселесі бойынша барған едім,керекті дакументтерді тапсырып өткіздік, бірақ грант ала алмадық.Өткен 2015 жылы өткізіп өтініш сурағанбыз бәрі жауапсыз қалды. Бірнеше рет тапсырдық сондада грантқа іліне алмадық,отпасылық жетіспеушіліктен акиматқа көмек сурадық жауап жоқ.Менің сізге қоятын сұрағым,Қандай көмек бере аласыздар? Қандай мүмкіншіліктер бар?

Ответ: Қарабұлақ ауылының тұрғыны А.Аккожинға Сіздің 2016 жылғы 10 қараша айындағы әкім блогына жазған сұрағы бойынша Ескелді аудандық әкімшілігі хабарлайды. 2016 жылғы 4 тамыз айындағы «Ескелді аудандық әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №7-33 аудандық мәслихатының шешімінің 2 бөлімінің 7 тармағының 6 тармақшасы негізінде әлеуметтік көмегі – Қазақстан Республикасының жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің оқу ақысын төлеу үшін, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы, өтініш жасалған тоқсаның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмеңгі күнкөріс деңгейінен шамасынан аспайтын, отбасы құрамында студенттері бар аз қамтылған отбасыларына бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде төленеді. Сіздің ананыз Г.Аккожина 2015 ж. 07.07 айында Алматы облыс әкімінің жеке блогына сұрақ қойып, 2015 ж. 15 шілде айында №1763 Сіздің ананызға Г.Аккожинаға жауап хат берілген. (Жауап қосымшада қоса беріліп отыр) 2016жылы Сіз Асет Аккожин әлеуметтік көмек алуға ауылдық әкімге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдірген жоқ. Қазіргі уақытта бюджетте көзделген әлеуметтік көмегінің толық игерілуіне байланысты, Сіз А.Аккожин 2017 жылы төменде көрсетілген құжаттарды өткізгенен кейін ауылдық учаскелік комиссия, аудандық арнайы комиссия қарап, шешім шығарады. 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат; 3) тұрақты тұрғылықты жері туралы аңықтама; 4) отбасының құрамы туралы аңықтама; 4) отбасы мүшелерінің табыстары туралы аңықтама; Қосымша – 2015 жылғы жауап хаттың көшірмесі Аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаев Орын Е.Турсынбаев Тел 30062