Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Құрметті әкім мырза менің сізге қояр сұрағым, мен отбасыммен Алдаберген ауылына көшіп келдік. Жолдасым және 3балам бар, жолдасым Талдықорған қаласына барып жұмыс істейді, тек менің жолдасым ғана емес ауылдың басым көп бөлігі қалаға барып жұмыс атқарады оны өзіңізде жақсы білерсіз бірақ біздің ауылдан жұмысқа дәл уақытында баратын көлік жоқ.Таксилер бар әрине бар мәселе осында бензин бағасы небәрі 13-ақ тенгеге көтерілді ал таксиіміз 50тенгеге көтерді бағасын. Менің көшіп келгеніме 3 жыл болып қалды автобус жүреді дейді мен оны көрген де емеспін. Сізден өтінерім осы жол жүру автобусын жұмысқа дәл уақытында баратын графикке қоюға болмас па екен? Мысалы: менің жолдасым таңғы 8 де жұмыста болуы керек, сол секілді барша тұрғындар да осы уақытта баратыны белгілі. Сізден барша Алдаберген ауылының тұрғындарының атынан өтініп сұрарым автобус график бойынша таңғы 7ден және қалтамызға сай бағамен жүретін болса ауыл тұрғындары сізге дән риза болар еді. Біздің жан айқайымызды ескеріп, жауапсыз қалдырмайтыныңызға сенемін. Рахмет!

Ответ: Өтініште көрсетілген фактілер бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен ауданаралық, қалааралақ тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарманың құзіретінде. Автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу бастамашылары болып табылады. Автобус маршрут кестесі бойынша Жаңалық ауылынан таңғы сағат 07-00 ден Талдықорған қаласынан кешкі сағат 18-30 автобус күніне қатынауда. Қазіргі таңда автобуспен жолда жүру бағасы 150 теңге. Облыстық Басқарма тарапынан Тасымалдаушы жақпен екіжақты келісім шарт жасалынып, маршрут графигі, жолда жүру ақысы жоғарыда көрсетілген Басқармамен бекітілген. Сонымен қатар қыс мезгілінде жанар-жағармайдың (бензин) мөлшерден тыс көп жағылуынан, нарықтағы бензин бағасының өсуінен және екіжақты келісім шартқа отырғандықтан автобус графигіне, жолда жүру бағасы жалпы халық қабылдарлық баға болғандықтан өзгерту енгізу мүмкін емес. Такси тасымалымен айналысатындар мәселесінен келетін болсақ, 2015 жылға такси нарығын ресми тіркелген тұлғалармен қамтамасыз ету, көлік саласындағы заңнамаға сәйкес ретке келтіру мақсатында мемлекеттік органдар (прокаратура, салық органы, әкімшілік полиция) қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен тиісті іс шаралар әзірленіп, жұмыстар атқарылады. Ағымдағы жылы кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге моратори жарияланғандықтан 2014 жылы тиісті іс шаралар жүргізу мүмкін емес. Қосымша жүргізілген атқарылған жұмыс нәтижесі туралы ақпарат беріледі.