Статистика

Всего вопросов:95
На рассмотрении:15
Рассмотренных:80

Вопросы и ответы

Вопрос: Сəлеметсіз бе, əкім мырза? Менің сізге қояр сұрағым: мен 2007жылы Алдабергенов ауылындағы Байысов көшесіндегі 34(бұрынғы 38)үйді сатып алғанмын. Үй иесі Чечняда болғандықтан өз атыма уақытында аудара алмадым. Қазір құжаттарды өзіме аударғалы сотқа жүгініп отырмын. Сот менен үйдің номері ауысқандығы туралы жəне үйдің салығы төленді, қарызы жоқ деген анықтама сұратып отыр. Ол анықтамаларды Алдабергенов ауылындағы əкімшілік беруі керек екен. Ауылдағы əкімшілік маған сол анықтамаларды бермей отыр. Сонда мен енді кімге барып,кімнен ол анықтамаларды аламын? Салықты мен Алдаберген ауылындағы əкімшілікке төлеп келдім. Үйдің нөмірінің өзгергендігін осы ауыл əкімшілігінің қызметкерлерінен білдім. Осы сұрақпен Қарабұлақ ауылындағы бар мекемелерді кезіп шаршадым.БТИ, архитектура, цон,салық комитетінде болдым. Бұл мекемелердегілер де Алдабергенов ауылындағы əкімшілікке сілтеп отыр. Бəрі бір-біріне сілтей береді. Соңғы үмітім сізде болып отыр. Маған осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. Рахмет!

Ответ: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынша анықтама: ҚР-ның Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес беріледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсеті нәтижесін алу келесідей жүзеге асырылады: 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ескелді аудандық бөлімі арқылы; 2. «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы («Мекенжай тіркеімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған кезде мемлекеттік қызметті алушы «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгінеді).