Вопросы и ответы

Базарова Айгерим Оралбековна

Дата: 20.12.2019
Просмотры: 148 Печать страницы
Вопрос: Кайырлы кун Құрметті әкім!! Сізге қотян сұрақтарым бар еді. Сіздердегі тұрғын үй қатынастарында жұмыс жасайтьын Альмира деген қыз Мемлекеттік мекемеде жұмыс істей тура неліктен гос услаганы бұзады? бұрын хабарласып звондағанда анамның нешінші кезекте тұрғанын біліп отыратын едім қазір Альмира бермейді сіз бөтен адамсыз деп Мен онымен келіспейсмін барлық заңларда тұрғын үй катынастары заңындада жақын туыстарына балалары кірмейді деген жоқ Неліктен мен анамның кезегін біліп отыра алмаймын ?даже ватсапта жеке куәлігімдіде суретке түсіріп жібердім. Аенама келсек ол жалғызбасты ана кезекте тұрғалы 7-8 жыл болды даже Бакытты отбасы бағдарламасынада қатысуға ЖКХ қызметкерлері шақырмады ? Анамның есімі Базарова Гаухар Окановна олар жалдап үй тұрады Ал мен болсам Шығыс Қазақстан облысында Қасым ҚАйсенов кентінде ЖКХ да қызметкер болып жұмыс жасаймын тұрмыстамын Жауабыңызды 15 күн күтемін

Ответ: Сіздің Ескелді ауданы әкімінің блогына келіп түскен өтінішіңізге «Ескелді ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 1 бабының 4) тармақшасында - «өтiнiш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу» деп көрсетілген. Алайда, «Ескелді ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының жеке ұялы телефонындағы ватцапына тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тұрған Гаухар Окановна Базарованың кезегі сұратылуына байланысты, бөлімнің маманы тарапынан бас тартылған және https://egov.kz сайтынан электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй бойынша кезегінен әрбір азаматтың өз жеке номерін қарау тәртібі» арқылы мемлекеттік қызметтер
онлайн түрінде және Алматы облысы Ескелді ауданының әкімдігі – Ресми сайты http://a.eskeldy.zhetisu.gov.kz/pages/267/ арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тұрған азаматтар тізімін көруге болатындығын атап өткен болатын. Себебі, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 1 бабының 4) тармақшасына қайшы келуіне байланысты Сіздің, ұялы телефон арқылы сұратылған ақпаратыңызға «Ескелді ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы жеке ұялы телефоны арқылы бермеген. Өйткені, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы және электронды/қағаз түрінде көрсетілетіледі. Осыған байланысты нақты мәліметті электронды/қағаз түрінде сұратуыңыз қажет.
Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» Бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында 2019 жылғы 26 маусымда көп баллалы және толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларына түсінік жұмыстары жүргізілу мақсатында «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ның мамандарымен жиын өткізілетіндігі туралы және Ескелді ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тұрған барлық азаматтардың ұялы телефон нөмірілеріне мамандар тарапынан хабарласып, шақырылған.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 14 бабының 6 тармағы «Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға» құқықтарыңыз бар екендігін хабарлаймыз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.